Тоқаев Boeing басшылығымен кездесті. АҚШ-қа тікелей рейс жоспарлануда

69
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Z8XiIcP4nQiIh6t1KwqcLNemsl8dssXTJPN09SGf.webp

2026 жылдың соңына дейін Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына тікелей рейс ашу үшін елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жетеді. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна". 

АҚШ-тағы кезекті сапары аясында Қазақстан президенті Boeing компаниясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккиді қабылдаған. Осы уағдаластық дәл осы кездесу барысында жасалған көрінеді.

«АҚШ-қа жұмыс сапары аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев авиация, қорғаныс және ғарыш техникаларын шығаратын Boeing трансұлттық корпорациясының басшылығымен кездесті. Президент отандық Air Astana, SСAT және Vietjet Qazaqstan компаниялары еліміздегі авиация саласын дамытуда ерекше маңызға ие ортақ жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүдделі екенін атап өтті. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana мен Boeing арасында ұшақ жеткізу бойынша келісімге қол қойылғанын құптады», - деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ кездесуде белгілі болғандай, биыл жыл соңына дейін Құрама Штаттарға тікелей әуе қатынасын ашу мақсатында Қазақстанға Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жетеді деп жоспарланып отыр.

댓글
기타 기사