Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында халық пен Президентке адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Олжас Бектенов Асқарбек Ертаевты жаңа лауазыммен құттықтап, “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” заңға сәйкес ант қабылдауын өтінді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Асқарбек Ертаев салтанатты түрде ант беріп, өз сөзінде:
"Халық пен Президент алдында өз Отанымның экономикалық және рухани дамуына бар күш-жігерім мен білімімді арнауға, Конституция мен мемлекет заңдарын қатаң сақтауға, барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділдік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, мемлекеттілікті нығайтып, еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы беделін арттыруға ант етемін. Ант етемін!" – деді.