Өзбекстан «Мырза Ұлықбек» жасанды ғылыми спутнигін ұшыруға дайындалып жатыр

170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9VLBoZTEUacK9MOy1vAQFadDTTTl7OGxUSmTIXKs.jpg

Өзбекстан 6U форматындағы «Мырза Ұлықбек» жасанды ғылыми спутнигін құру үшін инженерлік кадрларды дайындауды бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.

Спутникті 2028 жылы ұшыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар республика алғашқы отандық ғарышкерді даярлауды қолға алды. Бұл тапсырманы ел президенті Шавкат Мирзиёев стратегиялық маңызды жоба ретінде атап өтті.

Жиында ел басшысы қазіргі әлемде экономикалық күш табиғи ресурстармен емес, интеллектуалды әлеует пен технологиялармен өлшенетінін атап өтті. Ғарыштық зерттеулер стратегиялық маңызды бағыттардың бірі саналады.

Қысқа уақыт ішінде Өзбекстан ғарыштық деректерді қолдануда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Елде мемлекеттік ғарыштық мониторинг жүйесі енгізілген. Мамандардың айтуынша, қашықтықтан зондтау деректеріне сұраныс үш есе артқан, қазір жүйемен 10-нан астам мемлекеттік мекеме және барлық облыстық әкімдіктер жұмыс істейді.

Жобаның маңызды бөлігі – ұлттық жүйені тұрақты дамыту. Бұл спутниктерді басқару, деректерді өңдеу және практикалық қолдану инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған. Спутник жобасын жүзеге асыру үшін шетелдік тәжірибе зерттеліп, техникалық талаптар анықталған.

댓글
기타 기사