Жамбылда әскери қызметкер жарақат алды. "Күш қолдану" ісі қозғалды

339
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TtdQPufK2iyHu6T50bIEDCvEXqjAag2LSTv8NyRY.jpg

Жамбыл облысындағы Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметкер жарақат алды. Бас әскери полиция басқармасы күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сарбаз Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальға жатқызылған.

«Аталған факт бойынша материалдар Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жүргізілуде. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар тұлғалардың, сондай-ақ жарғыға қайшы өзара қатынас фактісі туралы жоғары тұрған қолбасшылыққа дер кезінде баяндамаған және медициналық көмекті ұйымдастыруда кемшілік жіберген лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауапқа тартылады. Оқиға қарулы күштер басшылығының ерекше бақылауында», — делінген хабарламада.

Тергеу кезінде әскери бөлімдегі бірқатар офицер қызметінен уақытша шеттетілген. 

댓글
기타 기사