Қазақ-қырғыз шекарасы. Жүк көліктерінің кезегі ұзарып кетті

116
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RTgvhxehKxe3taEDyqDmc55LEfen0RTqipa8nMSt.jpg

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктерінің кезегі ұзарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Еуразиялық экономикалық комиссия мәліметінше, Қазақстан тарапы шекарадан өту уақытын ұзартқан шараларды заңсыз тауар тасымалына қарсы бағытталған жоспарлы тексерістер деп түсіндірді. Бұл тексерістер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіп орнату мақсатында жүргізіліп жатыр.

Астана Қырғызстанмен тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және заңсыз саудаға қарсы бірлесіп күресуге дайын екенін айтты. Комиссия шекаралық бақылау әр мемлекеттің өз құзыретінде екенін еске салып, бұл жағдай Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) интеграциялық үдерістерге әсер етпейтінін жеткізді.

ЕАЭО аясында өзара саудада кедендік бақылау тек ерекше жағдайларда ғана жүргізіледі. Көлеңкелі тауар айналымымен күрес басты бағыт болып, тауарларды таңбалау мен қадағалау жүйелері енгізіліп, кедендік бақылау күшейтілген.

댓글
기타 기사