Конституция жобасы. Премьер полицияға "жалған мәлімет" үшін жауапқа тартуды тапсырды

450
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HAlWN5rnzvUc49kdt2rI7pIStzMCycXLD2cy97yW.jpg

Бүгін, 2 ақпанда премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

«Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды»,-делінген хабарламада.

Үйлестіру премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

«Ата Заңның жаңа жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат. Онда адам және оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді.

Біз Конституция жобасында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Заң мен тәртіп” жаппай үстемдік құрған, “Әділетті әрі таза Қазақстанды құру” идеясы халықтың кең қолдауына ие болғанын көріп отырмыз. Жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясы басты орынға қойылады.

“Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет” тұжырымдамасы саяси жүйенің тұрақтылығы мен сабақтастығын орнықтыра түседі»,-деп атап өтті Олжас Бектенов.

댓글
기타 기사