Үкімет «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекітті

146
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AXr8quZUfZBRcpu60CpVLFpYyJcd7MGJUeQZQXbC.jpg

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі 7 млн баланы қолдауға бағытталған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қаралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Отырыста оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және ішкі істер министрі Ержан Сәденов баяндама жасады.

Премьер-министрдің айтуынша, тұжырымдама білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру және отбасының әл-ауқаты саласында балалардың құқықтарын қорғау бойынша нақты іс-шараларды қамтиды.

Сондай-ақ, жаңа жүйе бойынша 1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымдарында «тосыннан тексеру» қағидаты енгізіледі. 5 мың балаға кемінде бір маман тағайындалатын жаңа штаттық норматив енгізіліп, өңірлерде бала құқықтарын қорғау басқармалары құрылуда.

Кәсіби отбасына балаларды орналастыру тәжірибесі енгізіліп, қаражат көзделген, бірақ өңірлерде іске асыру баяу жүріп жатыр. Балалардың денсаулығы мен цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері назарда болады, ауыл балаларының заманауи білім алу мүмкіндігі арттырылады.

Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге тұжырымдамадағы іс-шараларды сапалы әрі уақтылы орындауды, бала құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимылды күшейтуді, сондай-ақ ақпараттық науқан ұйымдастыруды тапсырды.

Үкімет дауыс беру нәтижесінде «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекітіп, жалпы үйлестіруді Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктеді.

 

댓글
기타 기사