Тағы бір мерзімді әскери қызметкер қаза тапты

116
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jFet0gue7HqWcF3tqalmHBbk1hZr2Pg7axnS5nZD.jpg

23 қаңтар күні Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна".

Марқұм 2025 жылғы сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасына сәйкес, оқиғаның барлық мән-жайын объективті әрі жан-жақты анықтау мақсатында оқиға орнында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштердің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Марқұмның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетілетіні хабарланды.

댓글
기타 기사