«Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын». Сәпиев болған жанжалға қатысты пікір білдірді

215
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CY9Ro2iq7B6ruY9QbF55Nrm1Uw4rYQlKf6hXc5nJ.jpg

Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев өз орынбасарымен болған оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна".

Ол әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан жағдайға байланысты түсініктеме беріп, мемлекеттік қызметші ретінде әдеп қағидаттарын қатаң сақтайтынын атап өтті.

«Бала кезімнен бапкерлерім маған рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін», – деп жазды ол.

Олимпиада чемпионы қандай да бір арандатушылықтарға ермейтінін айтты.

Сондай-ақ, Серік Сәпиев бұл мәселенің жан-жақты қаралып, жабық деп есептелетінін мәлімдеді.

Айта кетейік,  желіде Серік Сәпиевті ұрып тастады деген ақпарат тараған еді. Алайда кейіннен әлеуметтік желіде Серік Сәпиевтің таяқ жемегені тек орынбасарымен келіспей қалғаны туралы видео тарады. 

Бейнеде екеуінің жанжалдасқаны бейнеленген, алайда дене жарақатын салатын төбелес байқалмайды.

 

 

댓글
기타 기사