"Украина туралы ән тыңдағаны үшін". Балиде қазақстандық модель ұсталды

170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MmIUOajjeOVC5MnSMDaMxCVLC0UI3NWyQKXH1kwG.png

Қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова Бали аралында ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оған Ресей блогері Карина Фадееваға барда шабуыл жасады деген күдік тағылған. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алтайбекованың тергеу жүріп жатқан аралықта 60 күнге қамалғаны хабарланған. 

Блогердің айтуынша, Алтайбековамен кикілжің Карина Гүлсезімге Украинаның музыкасын тыңдамауын ескерткен кезде туындаған. Сол сәтте Гүлсезім «Слава Украине» деп жауап берген, одан кейін төбелес басталған. Оқиға барысында Карина Фадеева басына зақым алып, есін жоғалтқан. Басындағы жарақатты тігуге тура келген.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми мәліметінше:

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Индонезияда қазақстандық азаматша ұсталғанын біледі. Оқиғаның мән-жайы мен қылмыстық процессуалдық деректер жарияланбайды. Процессуалдық мәртебе мен қолданылатын шаралар тек Индонезияның тиісті органдары мен ұлттық заңнамасына сәйкес анықталады», - деп жазылған.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Индонезиядағы елшілігі азаматқа өзінің құзыреті шегінде консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатқанын хабарлады.

댓글
기타 기사