Президент ұсынған бастамалар тек стратегиялық бағдар ғана емес, нақты іске асырылып жатқан реформалар

69
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Lv72XBNxRL86bg12kpjCGMl2DFCXg1bFiY8B4v2D.jpg

Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі реформалардың жүйелілігі мен сабақтастығына, саяси жаңғырудың қоғамдық санаға тікелей әсеріне және ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Президенттің айтуынша, реформалар тек заңнамалық немесе институционалдық өзгерістермен шектелмей, азаматтардың күнделікті өмірінде нақты нәтижеге айналуы тиіс.

Осы бастамалар аясында «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің хатшысы, партияның Әйелдер қанатының төрайымы Шолпан Каринова Мемлекет басшысы көтерген реформалардың мазмұны, Ұлттық құрылтайдың саяси мәдениетті қалыптастырудағы рөлі және дәстүрлі құндылықтарды қорғау мәселелері жөнінде өз көзқарасын білдірді. Оның айтуынша, соңғы жылдары қабылданған заңдар мен бастамалар әлеуметтік әділеттілікті күшейтуге, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, қоғамға қауіп төндіретін келеңсіз құбылыстардың алдын алуға бағытталған.

Сұхбат барысында ол Президент ұсынған бастамалардың тек стратегиялық бағдар ғана емес, нақты іске асырылып жатқан реформалар екенін атап өтті. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жүзеге асырып отырған жобалар — әйелдердің саяси көшбасшылығын арттыру, қоғамдық жауапкершілікті күшейту және жастар арасында ұлттық әрі моральдық құндылықтарды насихаттау - Мемлекет басшысы айқындаған «Жаңа әділетті мемлекет» моделін қоғамның күнделікті саяси тәжірибесіне енгізудің маңызды тетігі болып отырғанын жеткізді.

- Президент Қызылордадағы Құрылтайда реформалардың жүйелілігі мен сабақтастығын ерекше атап өтті. Сіздің ойыңызша, қазіргі бастамалардың алдыңғы саяси реформалардан басты айырмашылығы неде?

- Елдегі реформалардың басты айырмашылығы- оладың жүйелілігінде, нақты нәтижеге бағытталуында және халықпен кең диалогқа негізделуінде. Ұлттық құрылтай аясында соңғы төрт жылда 26 заң қабылданып, әлеуметтік және құқықтық салаларда маңызды бастамалар іске асырылды. Ерекше атап өтетінім -   әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, лудомания мен нашақорлыққа қарсы күрес, еңбек адамдарының мәртебесін арттыру бағыттары. Бұл тұста «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының үлесін атап өтейін. Былтырғы Құрылтайдың төртінші отырысында Президент көтеріп, алаңдаушылығын жеткізген мәселе - елімізде түрлі коучтер мен жалған психологтардың пайда болып, олардың адамдарға «қызмет көрсетуі». Президент мұндай псевдокоучтер мен жалған психологтар ғылыми негізі жоқ «кеңестері» арқылы азаматтарды адастырып, олардың психологиялық және әлеуметтік жағдайына кері әсер ететінін айтты. Сондықтан бұл мәселені бақылаусыз қалдырмай, осы мәселелерге назар аударуды тапсырған болатын. Біз партия алаңында «Психологиялық қызмет туралы» Заң жобасын әзірлеп, оны кәсіби мамандармен түрлі алаңдарда талқылап, 200 астам келіп түскен ұсыныстарды зерделеп, еліміздің жоғары оқу орындарының «Психология» кафедраларының мамандарымен, ғалымдармен, ғылыми институттар мамандарымен, тәуелсіз сарапшылар және кәсіби қауымдастықтармен пысықтадық. Бүгінгі күні осы Заң жобасы тиісті мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, ҚР Президент әкімшілігімен тиісті тәртіппен келісіліп, Үкімет қорытындысы ҚР Парламенті Мәжілісіне жұмысты жалғастыру үшін келіп түсті.  Бұл бастаманың басты мақсаты - психологтардың кәсіби қызметіне қатысты нақты құқықтық нормаларды қалыптастыру. Атап айтқанда, психологиялық көмекті жеке қызмет саласы ретінде айқындау, мамандардың біліміне, біліктілігіне, кәсіби даярлығына талаптарды анықтау, психологтардың қызмет тәртібін және кәсіби ортадағы құқықтық жауапкершілігін белгілеу. Сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта бұл заң халықты біліксіз әрі жалған мамандардан қорғауға, ал кәсіби психологтарға көрсетілетін қызметтің сапа стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады. Қазіргі уақытта елімізде түрлі саладағы мемлекеттік мекемелерде шамамен 14 мыңға жуық психолог маман қызмет атқарады. Ал жеке секторда жұмыс істейтін психологтардың нақты санына қатысты бірыңғай ресми дерек жоқ, бұл саланы жүйелі түрде есепке алу қажеттігін көрсетеді.

- Президент қоғамның саяси мәдениетін арттыру қажеттігін атап өтті. Ұлттық құрылтай осы бағытта қоғамдық санаға нақты ықпал ете ала ма?

Иә, Ұлттық құрылтай қоғамның саяси мәдениетін арттыруға нақты ықпал ете алады, себебі ол тек кеңесші орган емес, қоғамдық диалог пен саяси қатысудың мәдениетін қалыптастыратын алаң ретінде жұмыс істеп отыр. Президент Құрылтайды Ұлытау, Түркістан, Атырау, Көкшетау сынды тарихи маңызы зор өңірлерде өткізіп, оны қасиетті Қызылорда жерінде жалғастыру арқылы ел тарихы мен ұлттық жадқа ерекше мән беретінін көрсетті. Бұл - мемлекеттің дамуы терең тарихи сабақтастыққа негізделуі тиіс екенін айқындайтын маңызды идея. Осы арқылы Мемлекет басшысы қоғамды ұлттық бірегейлікті нығайта отырып, жаңғыру жолымен ілгерілеуге үндейді.

Ұлттық құрылтайға мүшелікке халық арасынан азаматтар өтіп, онда көтерілетін мәселелер қоғамды жауапты пікір айтуға, дәлелге сүйенген талқылауға үйретіп отыр. Бұл - саяси мәдениеттің негізгі белгісі. Президент атап өткендей, саяси жаңғыру тек институттар арқылы емес, қоғамдық сананың өзгеруі арқылы жүзеге асады.

Мен осы тұста партиялық жобалардың үлесіне де тоқтағым келеді. «AMANAT» партиясы ең ірі саяси күш ретінде мемлекеттік ұстанымдарды ілгерілету үшін әлеуметтік маңызды бағыттардағы жобаларды жүзеге асырады. Мысалы, әйелдердің саяси көшбасшылығын арттыруға бағытталған «Томирис» республикалық жобасы, «Әйел аманаты» өңірлік жобалары  әйел азаматтардың саяси сауаттылығын арттыруға, шешім қабылдау процесіне қатысу мәдениетін қалыптастыруға жұмыс істеп келеді. Бұл жобалар адамдарды тек талап қоюшы емес, саяси процестерге саналы қатысушы болуға үйретеді. Осылайша, құрылтай - стратегиялық бағыт берсе, партиялық жобалар оны қоғамның күнделікті саяси тәжірибесіне енгізетін тетікке айналып отыр.

Президент «Біз ұлттық құндылықтарымыздың негізгі тірегін шайқатып, жастарды жаңашыл «альтернативті» моральдік үлгілерге баулуға жол бере алмаймыз. Мемлекет дәстүрлі мәдени құндылықтарды қорғауға міндетті және моральдық тұрғыдан дұрыс емес мінез-құлыққа қарсы тұруы қажет.

Заң арқылы неке институтын еркек пен әйелдің ерікті одағы ретінде рәсімдеу күшейтілуі тиіс. Бірақ ресми ұстанымға сай келмейтін сенімдер үшін қылмыстық жауапкершілік немесе кемсітуге жол беруге болмайды, - деп атады. Әйелдер қанатының жетекшісі ретінде осы ұстанымды өте дер кезілік деп, алдағы уақытта осыны халық арасында, жастарға насихаттаумен айналысатын боламыз.

 

댓글
기타 기사