Теңіз бен Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды

267
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Z9sxqmQfOmrFNOQXJPDQg8SY6yiFw45zMxAW0GUE.jpg

 

«Теңізшевройл» (ТШО) өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің кейбірінде туындаған ақауларға байланысты ең ірі Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

«Теңізшевройл» (ТШО) сақтық шарасы ретінде Теңіз және Королевское кен орындарындағы өндірісті уақытша тоқтатқанын растайды. Бұл шешім өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің жекелеген бөліктеріне әсер еткен жағдайға байланысты қабылданды», – деп мәлімдеді «ТеңізШеврОйл» ЖШС баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта ТШО-ның техникалық қызметтері оқиғаның алғашқы себебін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«ТШО аталған жағдайдың ықтимал салдарын азайту мақсатында мемлекеттік органдармен тығыз байланыста. Теңіз кен орны мен барлық өндірістік нысандар қауіпсіз күйде және сенімді қорғалған», – деп қорытындылады компания өкілдері.

Еске сала кетейік, 18 қаңтар күні Теңіздегі алып мұнай-газ кен орнында өрт шыққан болатын.

 

댓글
기타 기사