Шымкентте 21 жастағы қызды танысы пышақтап өлтірген

275
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/62ln4CWnDPeOD1bRDXeM9oUl230KjypJfCd6GqSt.webp

11 қаңтар күні Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыстың болғанын қала полициясы растады, деп хабарлайды "Адырна".

Полиция өкілдері қыздың өліміне қатысы бар деген күдіктінің жеке басын анықтады. Ведомство қылмыстық іс қозғады. 

«Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта оны ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген Шымкент қаласы Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Otyrar.kz порталы таратқан бейнежазбадан тәртіп сақшыларының қолында бейнебақылау камераларынан алынған жазба барын көруге болады. Сондай-ақ қылмыс көшеде жасалуы мүмкін деген болжам бар. Полиция азаматтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

댓글
기타 기사