Алматы маңында жол апаты болды. Үндістандық студенттер қаза тапты

568
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yivd6B4Q87GGhsEkio5JRpqf1IMrn6ZDkDxjcLfB.jpg

Алматы облысында үндістандық студенттер мінген көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық ПД мәліметінше, қайғылы оқиға 6 қаңтар күні «Алматы – Бішкек» автожолының 86-шақырымында болған. Апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам жарақат алған.

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 33 жастағы Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік аударылып кеткен. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды, ал үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды»,-делінген хабарламада.

Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, аталған көлікте бес үндістандық азамат болған. Олардың төртеуі – Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері, ал біреуі – Үндістаннан келген турист. Елшілік қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

댓글
기타 기사