Малшылардың зейнет жасы төмендетілуі мүмкін

690
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/y96GWaVavFIqaUyQAoQlcJU3vTvHGDeckuEX71ME.jpg

Ауыл шаруашылығы министрлігінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жоспарының жобасын мақұлдады. Құжатта мал шаруашылығын дамытуға және саланы білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар көзделген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, жоспар жобасында мал шаруашылығы өкілдерін әлеуметтік қолдау мәселелері қарастырылған. Атап айтқанда, қойшылар мен бақташылардың зейнет жасын төмендету, әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, сондай-ақ олардың балаларына білім беру гранттарын басым тәртіппен бөлу ұсынылады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин кешенді жоспар жобасы өзара тығыз байланысты екенін әрі шынайы тәжірибеге бағытталған шаралар топтамасын қамтитынын атап өтті. 

«Құжатта мал шаруашылығын қаржыландыру тетіктерін қалыптастыруға баса назар аударылған. Атап айтқанда, жануарлардың барлық түрлері бойынша асыл тұқымды малды сатып алуға жылдық 6% мөлшерлемемен ұзақ мерзімді жеңілдетілген кредит беру бағдарламасын іске қосу көзделген.

Айналым қаражатын толықтыру үшін мал шаруашылығының ішкі салаларына шектеу қойылмай, 5% мөлшерлемемен кредит беру тетігін енгізу жоспарлануда. Қаражат жем-шөп сатып алуға, жанар-жағармай материалдарына, ветеринариялық препараттарға және басқа да өндірістік шығындарға бағытталуы мүмкін», – деді вице-министр.

댓글
기타 기사