Жаңа салық кодексі күшіне енді

102
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pTSPuyiG56CJMpwnRfrafXuKDdkVRdUPEpuhXwUJ.jpg

Елімізде бүгіннен бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жаңа құжатта салық салудың негізгі қағидаттары айқындалып, салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, күшін жою, есептеу және төлеу тәртібі реттелген. Сонымен қатар, салықтық міндеттемелерді орындауға байланысты қоғамдық қатынастар қамтылған.

Жаңа Салық кодексіндегі нормалар азаматтардың табысына, жұмыс берушілердің шығындарына, сондай-ақ компаниялар мен кәсіпкерлердің салықтық жүктемесіне тікелей әсер етеді.

Жылдық табысқа салынатын жеке табыс салығы (ЖТС) прогрессивті шкала бойынша белгіленген. Яғни, 8 500 АЕК-ке дейін (36 762 500 теңге) – 10%. Ал 8500 АЕК-тен жоғары – 15%.
Ал жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар үшін ЖТС мөлшерлемесі 9% болып бекітілді.

Дивидендтерге салынатын салық та прогрессивті жүйеге көшті. 
230 000 АЕК-ке дейін (994 750 000 теңге) – 5%, көрсетілген сомадан жоғары – 15%.

Жалпы салық режиміндегі жеке кәсіпкерлер үшін 230 000 АЕК-ке дейін – 10%, одан жоғары – 15%.

Негізгі салық шегерімі айына 30 АЕК (129 750 теңге), жылына ең көбі 360 АЕК көлемінде белгіленді. Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтар мен ардагерлер сияқты жекелеген санаттарға әлеуметтік салықтық шегерімдер қарастырылған.

Ал кәсіпкерлер үшін қосылған құн салығының (ҚҚС) стандартты мөлшерлемесі айналымдар мен импорт үшін 16% болып бекітілді.

Отандық баспа өнімдеріне ҚҚС – 10%.

Еңбекақы қорынан төленетін бірыңғай төлем мөлшері кезең-кезеңімен өседі. 
2026 жылы – 24,8% болса, 2027 жылы – 25,8%, 2028 жылы – 26,3% болады.
Бұл төлемге жеке табыс салығы, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру кіреді.

댓글
기타 기사