Байтақ Түркістан көсемі. Мәскеуге қарсы ымырасыз күрескердің туғанына – 135 жыл

120
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gKxG9AEeR6cUOW0pzANStMTBY14ZAfGw6CdcurBZ.png

Бүгін – Алаш қозғалысы қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист Мұстафа Шоқайдың туған күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Көрнекті тұлға 1890 жылы 25 желтоқсанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Атасының арғы тегі қыпшақтардан тарайтын Торайғырдың белді ақсүйектеріне жатады. Ол – атақты Торғай датқаның немересі, Шоқайдың бел баласы.

Әкесінің қалауымен Мұстафа Перовск қаласындағы орыс мектебінде білім алған. Ол кезеңде орыс тілін меңгеру аса маңызды еді. Сол жылдары қазақ даласына Ресейдің жерсіз шаруалары қоныс аударып, жергілікті халықтың атақонысына орныға бастады. Бұл жағдай жер дауына, түрлі жанжалдарға ұласты.

1902 жылы әкесі Мұстафаны Ташкент ерлер гимназиясына оқуға жіберген. Осы оқу орнында ол алғаш рет Александр Керенскийдің есімін естіген. Кейін белгілі болғандай, Керенский мен Шоқай Ташкент гимназиясын он жыл аралықпен тәмамдаған. Мұстафа кейін Санкт-Петербургтегі заң оқу орнында білім алып, оны үздік аяқтағар.

1910 жылы ол Ташкент гимназиясын алтын медальмен бітірген. Алайда «бұратаналарды» жақтыра қоймайтын Түркістан генерал-губернаторы Самсонов бұл марапатты басқа түлекке беруді бұйыған. Дегенмен, Зепрометов өзіне тиесілі емес медальдан бас тартып, марапат заңды иесіне — Мұстафа Шоқайға табыстаған.

Осы оқиғадан кейін туындаған дауды басу мақсатында губернатор Мұстафаға әкімшілікте аудармашы қызметін ұсынған. Алайда ол бұл ұсынысты қабылдамай, Санкт-Петербургке аттанып, университеттің заң факультетіне оқуға түскен. Түркістандық шәкіртақы тек орыс студенттеріне берілгенімен, Қазан татарлары Мұстафаны қолдап, шәкіртақымен қамтамасыз еткен.

1912 жылы Мұстафаның әкесі қайтыс болған. Соған байланысты ол елге оралып, біраз уақыт әкесінің орнына би-судья қызметін атқарған. Оқу барысында Мұстафа тек өз жерлестерінің ғана емес, бүкіл қазақ халқының мүддесін қорғаумен айналысқан. 1907 жылы патша II Николай Сібір мен Орта Азияның байырғы халықтарын сайлау құқығынан айырған жарлық шығарған. Соған қарамастан, қазақ зиялылары күресті тоқтатпаған. 1914 жылы Мұстафа Петроград университетін үздік бітіріп, қоғамдық-саяси ортада таныла бастаған.

Оны байқаған Әлихан Бөкейхан Мұстафаны IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының хатшылығына ұсынған. Кейін Мұстафа башқұрт автономиясы атынан депутат болуға тиіс еді. Осы мақсатта Сәлімгерей Жантөрин оған қолдау көрсетіп, Думаға өтуіне жәрдемдескен. Думада жүріп Мұстафа көптеген мұсылман қайраткерлерімен танысып, Ахмад-Зәки Валидимен жақын араласқан.

1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы Түркістан халқының ашу-ызасын туғызды. Соның салдарынан бүкіл өлкеде көтерілістер басталды. Бұл жағдайды зерттеу үшін Керенский бастаған Дума комиссиясы Түркістанға жіберілді. Комиссия құрамында Мұстафа Шоқай хатшы әрі аудармашы ретінде қызмет етті. Ол көтерілістің себептерін Думада ашық айтып, бүкіл Ресейге танылды.

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Мұстафа Ташкенттегі мұсылман орталығын басқарды. Ол «Бірлік туы» және «Свободный Туркестан» газеттерін шығарып, түркі халықтарының тәуелсіздігі идеясын көтерді. Кейін Қоқанда Түркістан автономиясы жарияланып, Мұстафа оның үкімет басшысы болды.

Алайда большевиктер автономияны мойындамай, 1918 жылы Қоқанды қырып-жойды. Мұстафа Шоқай аман қалып, Кавказға, кейін Түркия мен Францияға қоныс аударды. Шетелде жүріп те ол Түркістан халықтарының бостандығы үшін күресті жалғастырып, көптеген журналдар мен басылымдарды шығарды.

1941 жылы неміс әскерлері Парижді басып алғаннан кейін Мұстафа тұтқындалып, Берлинге жеткізілді. Оған Түркістан легионын басқару ұсынылды, бірақ ол тұтқындар лагеріндегі адам төзгісіз жағдайды көріп, бұл іске қатысудан бас тартты.

1941 жылдың 27 желтоқсанында Мұстафа Шоқай Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Ресми деректе өлім себебі сүзек деп көрсетілгенімен, оның уланғаны жөнінде де күдік бар. Осылайша Мұстафа Шоқай — бүкіл ғұмырын Түркістан халықтарының азаттығына арнаған ұлы тұлға ретінде тарихта қалды.

댓글
기타 기사