Берлин Вашингтонның Украина бойынша жоспарын кеш алғанын мәлімдеді

757
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dxeZlDtVO1AB7LbJGG69augPy2Lo96Tasw4SY551.jpg

Германия канцлері Фридрих Мерц DW арнасына берген сұхбатында АҚШ әзірлеген Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі “бейбіт жоспарымен” Берлин тек 21 қарашада ғана танысқанын айтты. Оның сөзінше, Германия билігі 28 тармақтан тұратын құжатты өткен жұмада алған, деп хабарлайды “Адырна”.

Мерцтің айтуынша, дәл сол күні ол АҚШ президенті Дональд Трампен телефон арқылы сөйлесіп, құжатты талқылаған. Канцлер Вашингтон ұсынған кей тармақтар бойынша келісуге болатынын, ал кейбір мәселелер Германия үшін қабылданбайтынын атап өткен. Сонымен бірге ол Трампқа Берлиннің Украина егемендігін толық қолдайтынын жеткізген.

Бұған дейін Berliner Zeitung газеті Германия билігі бұл жоспар туралы қазан айының соңында-ақ хабардар болған деп жазған еді. Газет дерегі бірнеше ресейлік медиада кеңінен таратылды. Алайда Мерц бұл мәліметті жоққа шығарды.

Канцлер Трамп қойған мерзім – 27 қарашаға дейін барлық тармақты келісу мүмкін еместігін айтты. Осыған байланысты қазіргі мақсат – кем дегенде аралық нәтижелерге қол жеткізу.

Мерц әсіресе АҚШ “бейбіт жоспарына” енгізген даулы тармақты сынға алды: құжатқа сәйкес, Украинада пайдаланылатын Ресей активтерінен түсетін пайдың жартысы АҚШ-қа берілуі тиіс. Канцлердің айтуынша, ЕО аумағында, әсіресе Брюссельде орналасқан ресейлік активтерді АҚШ-қа беру "мүлде мүмкін емес" және Еуропаның келісімінсіз мұндай шешім жүзеге аспайды.

23 қарашада Фридрих Мерц Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтату жөнінде Германияның өз ұсынысын жариялады. Бұл бастама – АҚШ әзірлеген 28 тармақтық жоспардың ықшамдалған нұсқасы. Неміс ұсынысы Женевада өткен ЕО, АҚШ және Украина өкілдерінің келіссөздерінде талқыланған.

댓글
기타 기사