Қазақстан Еуропадағы бір қару-жарақ туралы келісімді тоқтатты

744
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bDl5PrwmFfKlhw8Sp5dpDvKG7nc0zyif1DVdme5G.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 17 қарашада Еуропадағы Қарулы Күштер туралы Келісімге (ЕҚКК) қатысуды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ЕҚКК алғаш 1990 жылғы қарашада НАТО-ның 16 мемлекеті мен Варшава ұйымының 6 мемлекеті арасында қол қойылған. Келісім Атлант мұхитынан Оралға дейінгі аумақта танктер, бронетехника, 100 мм және одан жоғары калибрлі артиллериялық құралдар, ұрыс ұшақтары және шабуылдаушы тікұшақтардың санына шектеу қоюды қарастырған.

Жалпы, келісімге 28 мемлекет қосылды. 1999 жылы Ыстамбұлдағы ЕҚЫҰ саммитінде ЕҚКК-нің бейімделген нұсқасы ұсынылды, бірақ оны тек Ресей, Беларусь, Қазақстан және Украина ратификациялады.

2007 жылы Ресей келісімдегі қатысуын тоқтатып, 2023 жылы одан толықтай шықты. Ресейдің шығуынан кейін НАТО елдері де ЕҚКК-дан өз қатысуын белгісіз мерзімге тоқтатты. Сол секілді Беларусь, Украина және Молдова да осындай шешімдер қабылдаған.

Қазақстанның бұл қадамы өз елінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған деп хабарланды.

댓글
기타 기사