Марқұм Арман Дүйсеновтың жұбайы президенттен көмек сұрады

499
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8733NP3hSoui6teAmXroVJU6QnPzVti4kk6sUMZy.jpg

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор, марқұм Арман Дүйсеновтың жұбайы Айсұлу Айданқызы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық үндеу жолдап, Алматы қаласы соттарындағы әділетсіздікке назар аударуды сұрады, деп хабарлайды «Адырна».

Айсұлу Айданқызының айтуынша, 2024 жылдың 7 қазанында 21 жастағы ұлы Дүйсен Абылай өз пәтерінде екі қолы байлаулы, аяғы жерде тұрған күйде, мойнын сүйеп байлап кеткен күйде табылған.

Отбасының мәліметінше, істі тергеу барысында бірқатар маңызды деректер анықталғанымен, тергеу әлі аяқталмаған.

2025 жылдың 24 қазанында Алматыдағы Бостандық аудандық соты Айсұлу Айданқызын, 13 жасар ұлын және 83 жастағы әкесін тұрып жатқан пәтерінен шығару туралы шешім қабылдаған.

Айсұлу Айданқызы бұл шешімді заңсыз деп есептейді.

«Пәтер үшін дауласқан тұлға Мұқаш Санжар ұлым Абылайдың өліміне байланысты жүргізіліп жатқан тергеу барысында «мен Абылайға тек қарыз ақша бергенмін, пәтерді кепіл етіп алдым» - деп анық көрсеткен. Осы туралы тергеу сотының 2024 жылғы 15 қазан және 2025 жылғы 30 шілдедегі қаулыларында бекітілген. Демек, сот, сатып алу келісім шартын жарамсыз деп тануы тиіс еді. Марқұм Абылай мен Мұқаштың екеуара уатсаптарында, соңғы тек 65 млн. теңгені өте жоғары пайызбен бергені расталды. Яғни марқұмды, оны өзі үшін мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмілені жасаған деуге жеткілікті негіздер бар. Заң бойынша - жарамсыз мәміле.

Даугер Мұқаштың 65 миллионмен, нарық құны 140 млн. теңге тұратын пәтерді иемдену айласы бастапқыдан болғаны көзге көрініп тұр. Алайда, сот қылмыстық іс құжаттарын мүлде сұратпай, оларды зерттемей, біржақты шешім шығарды . Одан бөлек, заңды талап бар – қылмыстық іс тергеліп жатқан кезде, азаматтық дау тоқтатылуы тиіс. Бүгінге дейін ұлым Абылайдың өліміне қатысты тергеу аяқталған жоқ», деді Айсұлу.

Айсұлу Айданқызы ҚР Президентінен ұлының өліміне қатысты тергеудің әділ жүргізілуін, азаматтық істің заң талаптарына сәйкес қайта қаралуын, соттардағы біржақтылыққа жол бермеуді қамтамасыз етуді сұрап отыр.

Ол бұл жағдайдың тек өзінің отбасының емес, жалпы азаматтардың сотқа деген сенімі үшін маңызды екенін айтады.

댓글
기타 기사