Анджелина Джоли Украинаға сапары туралы жазба қалдырды

765
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NFgAMCou4EJkGg1YPzhVWT8k1eQaJBrvwuvk3WDH.jpg

Америкалық актриса және БҰҰ Бас комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасының ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли қайырымдылық ұйымы Legacy of War Foundation арқылы Украинадағы Николаев пен Херсон қалаларына барғаны туралы айтты. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Джоли медицина қызметкерлері, жергілікті тұрғындар және еріктілермен кездескен. 

«Николаев пен Херсон тұрғындары әр күнде қауіп-қатерде өмір сүрсе де, берілуге дайын емес. Әлемдегі үкіметтер бейбіт тұрғындарды қорғаудан бас тартқан кезде, олардың күші мен бір-біріне көрсеткен қолдауы үлкен құрметке лайық. Қарулы қақтығыстың төрт жылға жуық уақытқа созылуына қарамастан, олардың шаршағаны анық, бірақ табандылығы да айқын. Отбасылар қауіпсіздік, бейбітшілік пен өмірін қайта қалпына келтіру мүмкіндігін қалайды», деп жазды актриса.

Айта кетейік, бұған дейін оның Украинаға ескертпей барғанын хабарладық

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, актриса Украинаға гуманитарлық миссиямен барған. Ол медициналық мекемелерге соғып, қоғамдық ұйым өкілдерімен кездескен. Сондай-ақ әлеуметтік желіде Джолидің украиналық балалармен әңгімелесіп отырған сәті таспалаған сурет те тараған.

Херсонға бара жатқан жолда актриса Николаевтағы әскери жинақтау және әлеуметтік қолдау орталығына соққан. Украиналық «Политика Страны» басылымы мен Одессадағы Telegram-арналардың хабарлауынша, жол үстінде оның күзетшісін тоқтатып, әскери қызметке жарамды екенін анықтаған. Алайда бұл оқиғаға актриса да, ресми органдар да нақты түсініктеме бермеді.

Еске салсақ, актриса бұған дейін де Украинаға сапар жасаған. Ол 2022 жылы сәуір айының соңында Львов қаласына барып, теміржол вокзалындағы босқындарды қабылдау орталығына, интернатқа барып, әскери әрекеттерден зардап шеккен балалармен кездесті. Жергілікті тұрғындар Джолидің кафеге кірген сәтін видеоға түсірген.

댓글
기타 기사