"Қайта айналып келгенше..." Елден кеткен режиссердің оралғаны айтылды

1360
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Q8saYo8H0T2j4cS4x58jIANsjJu0l4Pu8S6gZOJC.png

Бес ай бұрын елден кететінін мәлімдеген танымал режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстанға қайта оралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ertenmedia-ға сілтеп.

Бұл ақпаратты оның досы, экс-саясаткер Болат Әбілов растаған.

Болат Әбілов өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында Тұрсыновтың елге аман-есен оралғанын қуана хабарлаған. Оның айтуынша, шетелде шамамен бес ай жүрген режиссермен әңгіме барысында елдегі және әлемдегі саяси-экономикалық ахуал, қоғамдағы өзгерістер сөз болған.

«Қайда қарасаң да аласапыран, шиеленіс, дағдарыс. Осындай кезеңде дүниеге даналық биігінен қарау маңызды», — деп жазды Әбілов.

Сондай-ақ ол Ермек Тұрсыновтың тұлғалық болмысына жоғары баға беріп, оның Қазақстан атынан үш рет «Оскар» сыйлығына ұсынылғанын еске салды. Оған Қазақстанда шығармашылықпен айналысуға "оттегі" жетпеген.

«Еркін шығармашылықпен айналысуыма мүмкіндік қалмады. Маған бұл елде оттегі жетпейді. Абсурд әдепкі жағдайға айналды», — деген болатын режиссер сол кезде.

Медиа мәліметінше, журналист Гүлбану Әбенова Тұрсыновтың сөзін сынға алып, оның мемлекеттен ең көп қолдау көрген режиссерлердің бірі екенін мәлімдеген.

«Мемлекеттен миллиардтаған теңге алған. Мысалы, “Бесмойнақ” фильміне 500 млн теңге жұмсалды, бірақ ол әлі көрерменге жеткен жоқ», — деген еді Әбенова.

Erten media Әбенованың сөзінше Тұрсынов продюсерлер мен есепшілерге қатысты тергеу басталған соң, елден кетуді ұйғарғанын да жазды.

Мәдениет комитетінің өкілдері де режиссер елден кетер алдында мемлекеттен тағы 20 млрд теңге сұрағанын хабарлаған болатын.

Ермек Тұрсыновтың бұл жолғы сапарының мақсаты мен Қазақстанда қанша уақыт болатыны әзірге белгісіз.

댓글
기타 기사