Ресеймен шекарада шетелдіктерге заңсыз берілген жүздеген ЖСН анықталды

1301
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/dokumenty.jpg

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік азаматтарға заңсыз түрде жүздеген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілгені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство дерегінше, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы заң талаптарын өрескел бұзып, Қазақстан аумағына келмеген шетелдіктерге 720 ЖСН рәсімдеген.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, заңсыз берілген ЖСН-дерді жою шаралары қолға алынды.

Сонымен қатар, 3 шілдеде Петропавл қаласы мен М. Жұмабаев ауданының полиция органдары Қылмыстық кодекстің 206-бабы 2-бөлігі («Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Іс облыстық прокуратураның ерекше бақылауына алынған.

댓글
기타 기사