Қауіпсіздік комитеті жиынында. Қырғызстанда 24 шенеунік залда ұсталды

2185
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YIfXFF4QekeNgkuRlpuyiLfldlDZlSiq4IZzJDMa.jpg

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде өткен жиналыста 24 қызметкер ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Олардың қатарында 7 салық қызметкері, 6 шекарашы, фитосанитарлық қызметтің 7 өкілі және көлік министрлігінің бақылау бөлімінен 4 қызметкер бар. Шенеуніктер қырғыз-қазақ шекарасындағы сыбайлас жемқорлық схемалары үшін тұтқындалған.

«Чалдовар – автокөлік бақылау-өткізу бекетінде тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдіктен бірқатар лауазымды тұлға ұсталды»,–деп жазды ҰҚМК.

Мемлекеттік комитеттің дерегінше, аталған тұлғалар шенеуніктерге заңсыз тауар әкелуге көз жұма қарауы үшін үнемі пара беріп отырған.

«Лауазымды тұлғалар ЕАЭО елдерінен тауарларды заңсыз әкелу схемасын құрған. Бұл үшін жалған құжаттар пайдаланылған. Делдалдар нақты жүк иелерінен контрабандалық тауар тиелген әрбір жүк көлігі үшін 2 мың АҚШ долларына дейін алған. Ал мемлекеттік органдардың шенеуніктері сыйақы ретінде 57-80 доллар көлемінде ақша алып отырған»,—делінген хабарламада.

댓글
기타 기사