Қостанайда Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай ескерткіш ашылды

1899
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/L6Pn7w6jIPbIOjFn06XD6bqaWTbZA5z5Vzc29WL6.jpg

Қостанайда Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай ескерткіш ашылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Салтанатты шараға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды. Мемлекет басшысы Міржақып Дулатұлының қазақ халқының азаттығы мен ұлттық рухын көтерудегі еңбегін, әдебиетті жаңа деңгейге көтергенін атап өтті.

Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті жұртшылық қатысты. Қазақстанның халық жазушысы Төлен Әбдік пен ағартушының ұрпағы Ерлан Сатыбалдыев та сөз сөйлеп, қайраткердің еңбегін еске алды.

Мерейтой аясында Торғайда халықаралық «Ұлы дала жорығы» атты ат марафоны басталып, қатысушылар 500 шақырымды еңсермек.

Сондай-ақ өңірде ғылыми конференция мен республикалық айтыс өтеді. Ерлан Қошанов бұл шаралардың ауқымы халықтың Міржақып Дулатұлы мұрасына деген құрметінің айғағы екенін атап өтіп, бүгінгі Қазақстанның дамуы алаш ардақтылары армандаған тәуелсіздік мұратына сай екенін жеткізді.

댓글
기타 기사