Қазақстан да бар. 142 мемлекет БҰҰ-да Палестина жөніндегі декларацияны қолдады

1701
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QKxeESeMEG14E9cNUaMi6YLczGNMSaCKzr41cYWj.jpg

Жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясы Палестина мәселесін бейбіт жолмен шешу және екі мемлекет — Израиль мен Палестина құру туралы шешімді жүзеге асыруды қолдайтын декларацияны басым дауыспен мақұлдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Дауыс беру барысында 142 мемлекет «қолдап» дауыс берді. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Ал 10 мемлекет, соның ішінде Израиль мен АҚШ «қарсы» шықты. 12 мемлекет қалыс қалды.

«Нью-Йорк декларациясы» Франция мен Сауд Арабиясының бастамасымен жаз айында БҰҰ штаб-пәтерінде өткен халықаралық конференцияның қорытындысы болды. Құжат Газадағы қақтығыс пен екі мемлекетті шешімнің әлсіреуіне байланысты қабылданған.

Декларацияда Газада атысты дереу тоқтату, кепілге алынғандарды босату, егеменді Палестина мемлекетін құру, ХАМАС-ты қарусыздандыру және Газаны басқарудан шеттету, Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру сияқты бірқатар талаптар бар.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл құжаттың басты мәні екі тәуелсіз, егемен, демократиялық мемлекеттің бейбітшілік пен қауіпсіздікте қатар өмір сүруінде екенін атап өтті.

Алайда Израильдің БҰҰ-дағы елшісі Дэнни Данон декларацияны сынға алып, оны «біржақты» және «Ассамблея беделіне нұқсан келтіретін бос қимыл» деп бағалады. Оның айтуынша, мұндай шешімнен ХАМАС көбірек пайда көріп отыр. 

댓글
기타 기사