Тоқаев Нью-Йоркке ресми сапармен барады

1266
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/tokaev.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жолдауда Мемлекет басшысы алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

«Жыл соңында Ресейге, Өзбекстанға сапарым болады, Астанада Әзербайжан, Армения, Түрікменстан басшыларын қабылдауға дайындалып жатырмыз. Сондай-ақ бірқатар азия және еуропа елдерінің басшыларымен кездесулер мен келіссөздер жоспарланған», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ арасындағы диалогтың белсенді дамып келе жатқанын және Еуропалық одақпен көпқырлы байланыстар орнағанын атап өтті.

«Жақын арада Нью-Йоркте өтетін Бас Ассамблеяның мерейтойлық сессиясында сөз сөйлеп, Қазақстанның халықаралық жағдайға қатысты көзқарасын, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау жөніндегі ұсыныстарды ортаға салуды жоспарлап отырмын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

댓글
기타 기사