«Қазспецэкспорт» басшыларына үкім шықты. Арман Рамазанов 11 жылға сотталды

1832
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VrTNxCLP1RG9H7YJhCrczcnfwX4zCDP21mqbvqO7.jpg

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты «Қазспецэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы басшыларына қатысты үкім шығарды. Олар әскери мақсаттағы өнімдерді сатып алу барысында бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен сотталды, деп хабарлайды “Адырна”.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, кәсіпорынның бұрынғы бас директоры Арман Рамазанов 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал импорт департаментінің директоры Азат Құдабаев 10 жылға сотталды. Сонымен қатар, осы қылмыстық іске қатысы бар тағы тоғыз адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот мемлекет мүддесінде 1,6 миллиард теңге (шамамен 3 млн АҚШ доллары) көлеміндегі материалдық шығынды өтеу туралы талапты қанағаттандырды. Сонымен бірге, айыпталушылардан 607 миллион теңге (шамамен 1,1 млн АҚШ доллары) тұратын мүлікті тәркілеу туралы шешім шығарды.

Аталған үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылы күштік құрылымдар «Қазспецэкспорт» қызметкерлері мен олардың серіктес жеткізушілерін ұстаған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпорын басшылығы мен аффилирленген тұлғалар шет мемлекеттерден әскери техника сатып алу кезінде тауарлардың бағасын қолдан көтеріп, мемлекеттік қаражатты мақсатсыз жұмсаған. Тергеу материалдарында келтірілген шығын көлемі 1,6 миллиард теңгеден асқан.

Сонымен қатар, кәсіпорын басшысы қызметін уақытша атқарған Аршат Аяғанов та сотталғаны белгілі. Ол қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл үкім 2025 жылдың қаңтарында шыққан болатын.

댓글
기타 기사