Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты іс не себепті жабылды – Прокуратура түсіндірді

968
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3Zqekozz5UkSw0d9TFh1hnxUm8wB3UkUqWmV22kM.webp

Алматы облысының прокуратурасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу неліктен тоқтағанын түсіндірді, деп хабарлайды “Адырна”.

Облыстық прокуратура жауабына сәйкес, Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы Н.Ғайыпбаевтың өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-баптың 1-бөлігімен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) тіркелген қылмыстық іс аясындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Жиналған дәлелдер, сараптама қорытындылары және өзге де материалдар негізінде Н.Ғайыпбаевтың өлімі өзіне-өзі қол салу (суицид) салдарынан болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзіне-өзі қол салуға итермелеу фактілері анықталған жоқ. Сол себепті, тергеу органымен осы жылдың 17 маусымында сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚПК-нің талаптарына сәйкес тоқтатылды», – делінген прокуратура жауабында.

Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы Шерзат Полат қаза болды. 2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды.

댓글
기타 기사