"Жасалған қысым әсер етіп жатыр". Трамп пен Зеленский Мәскеу сапарынан соң тілдесті

1977
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eUIbc91cLQX2bqWJc6sjSEkDafPOWh1LuarXB6Jb.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Мәскеуге сапарынан кейін Украина мен Ресей арасындағы жағдайға қатысты жаңа мәлімдемелер айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Украина президенті Владимир Зеленский өзінің видеоүндеуінде Ресей тарапы соғысты тоқтатуға мүдделі екенін айтты.

"Біздің әріптестерімізбен бірге ұстанған ұстанымыз айқын. Ол – соғысты тоқтату. Соғыс әділдік шеңберінде тоқтауы тиіс. Тілдесуге Еуропа көшбасшылары да қатысты. Қолдау білдіргендері үшін алғыс айтамын. Біз Мәскеуде айтылған мәселелерді талқыладық", — деді ол.

Зеленскийдің айтуынша, Мәскеудегі кездесуде айтылған мәлімдемелер Ресейдің атысты тоқтатуға ниетті екенін көрсетеді. Алайда ол сақ болу қажеттігін ескертті.

"Оларға жасалған қысым әсер етіп жатыр. Ең бастысы — олар бізді алдап соқпаса болды. Бізді де, АҚШ-ты да", — деді Украина басшысы.

Бұған дейін Стив Уиткоффтың Мәскеуге сапары халықаралық қауымдастықтың назарын аудартқан еді. Сарапшылар бұл сапарды бейбіт келіссөздердің ықтимал бастамасы деп бағалап отыр.

댓글
기타 기사