«Жүрегі тоқтап қалыпты...» – Жаңа заманның жұмбақ диагнозы

2048
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/e5QsDApqFy0zn0RaRzdmbuj7xFQpCW495zl5y8N7.webp

 

«Жүрегі тоқтап қалыпты» – соңғы жылдары ең көп естілетін, бірақ ең аз зерттелетін ауыр сөздердің бірі.

Таныс, туыс, дос-жаран арасынан біреуінің өмірден өткенін естігенде, сол баяғы таныс жауап:

– Жүрегі тоқтап қалыпты…

Осы бір сөйлем бүгінде қалыпты жағдайға айналып кеткендей. Бір сәтке үнсіз қаламыз, «жас еді ғой», дейміз. Жүрек – адамның ең аяулы, ең нәзік, ең маңызды ағзасы. Абай атамыз айтпақшы, «тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?» Десе де, біз дәл осы аяулы жүректі жиі-жиі жоғалтып жүрміз. Неге?

Статистикаға көз салсақ, Қазақстанда жүрек-қан тамырлары аурулары өлім себептерінің ең жоғарғы қатарында тұр екен.

Бұрын жүрек дерті 60 жастан асқан кісілерге тән болса, қазір бұл дерт 30–40 жастағы азаматтар арасында да жиілеп отыр. Бұл – халық денсаулығы үшін дабыл қағарлық қауіпті де қайғылы жағдай.

Қоғам ретінде біз осы ауыр құбылысқа бей-жай қарап бара жатқандаймыз.

«Жүрегі тоқтап қалыпты» деген сөз біз үшін бейне бір табиғи ажал сияқты естілетін болды.

Талай жанның қабырғасын қайыстырып бүгін ғана арамыздан кетіп отырған белгілі журналист, ақкөңіл, ақжарқын азамат Мұхтар Түменбай да осы дерттің “тұзағына” түскен дейді. «Жас еді ғой», «жап-жақсы-ақ жүрген еді ғой» деп, біз отырмыз...

Алла алдыңнан жарылқасын, аяулы Мұха!

Әлібек Шегебай

 

 

 

 

댓글
기타 기사