Олимпиада жүлдегері саудамен айналысып жүргенін айтты

929
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bDuNKWHuTx1StElvDcy6WLFOgpIYpvQrjv7mAuvg.jpg

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, танымал зілтемірші Жазира Жаппарқұл саудамен айналысып жүргенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы спортшы Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Спортшы Жаппарқұл Шымкенттегі базарлардың бірінде өз кәсібін дөңгелетіп жатқанын хабарлаған. Айтуынша, сауда орнын өзі басқарып, барлық тауарларды тікелей өзі тапсырыс береді.

«Базарда сауда жасаймын. Ол жерде өзімнің адамдарым бар. Арасында өзім де барып, бақылап тұрамын. Ашып кетіп қалу деген жоқ. Бәрін басы-қасында тұрып жүргізу керек», – деді спортшы.

Спортшы көпшіліктің оның базарда жүргеніне таңғалып қарайтынын жасырмады. 

«Кейде сатып алушылар мені танып, «Сен базарға шығып кеттің бе?» деп сұрайды. Сонда не болыпты? Мен біреудің нанын тартып алып жүрмін бе? Ішіп кетсем, «мал болып кетті» дейсіңдер, жұмыс істесең, тағы бірдеңе дейсіңдер. Түзу сөйлеп үйреніңдерші», – деп ренішін білдірді Жаппарқұл.

댓글
기타 기사