Тоқаев немересінің футболмен айналысатынын айтты

1473
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PlpYOPkE9b7GmdJYMrt69pAwdbHCznMfEjeVAFnf.jpg

Бүгін, 19 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Елордада орналасқан кешен аумағында футзал, волейбол мен баскетбол алаңдары, бокс, дзюдо, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жекпе-жек залдары бар.

Президент бұқаралық спортты дамыту үшін осындай кешендерді көптеп салу қажет екенін айтты. Сондай-ақ жас боксшылармен және футболшылармен әңгімелесті.

Кездесу барысында жас спортшылардың бірі Қазақстан құрамасына кіріп, футболдан әлем чемпионатын жеңіп алғысы келетінін жеткізді. Сол сәтте мемлекет басшысы немересінің де осы спорт түрімен айналысатынын айтты.

«Менің немерем де футбол ойнайды. Ол – қақпашы»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік,  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тимур есімді бір ұлы бар.

댓글
기타 기사