Дүниеге келген балаға берілетін жәрдемақы және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді енді Halyk Homebank арқылы онлайн рәсімдеуге болады.
Ата-аналар үшін жақсы жаңалық - енді жаңа туған нәресте үшін алатын жәрдемақыны Halyk Bank-тің мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады. Банк Halyk Homebank мобильді қосымшасы арқылы бала туғанда берілетін жәрдемақыны және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді онлайн форматта ресімдеу мүмкіндігін іске қосты. Атаулы қызметті бала туғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта ресімдеуге болады.
Клиенттерге ыңғайлы болу үшін екі қызмет бір-біріне біріктірілген.
Өтініш беру үшін:
- Halyk Homebank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріңіз
- «Бала тууы бойынша жәрдемақыны» таңдаңыз
- Өтінім беретін баланы көрсетіңіз
- Барлық деректерді тексеріп, SMS арқылы өтінішке қол қойыңыз
"Адырна" ұлттық порталы