ХАМАС көшбасшысы Мұхаммад Синвардың мәйіті табылды

1931
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/vlcsnap-2025-05-13-20h22m27s311-e1747157043652-copy-960x500.jpg?token=aaed377c45c574ae98b2e533c309c431

Газа секторының оңтүстігіндегі  туннельден ХАМАС палестиналық қозғалысының жетекшісі Мұхаммад Синвар мен оның он көмекшісінің мәйіттері табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Al Arabiya-ға сілтеме жасап.

Израильдің қорғаныс министрі Йоав Галанттың айтуынша, оның өлімі ресми түрде расталмағанымен, барлық белгілер соған нұсқайды.

Дереккөздердің мәліметінше, ХАМАС басшысы бірнеше күн бұрын Хан-Юнистің шығысындағы Еуропалық аурухана маңында жасалған Израильдің әуе шабуылдарының нәтижесінде қаза тапқан болуы мүмкін. Қауіпсіздік қызметі  ХАМАС басшысының расымен сол жерде болған-болмағанын анықтау үшін мәліметтер жинауды жалғастыруда.

Жасы шамамен 50-дегі Мұхаммад Синвар — ХАМАС қозғалысының бұрынғы басшысы Яхья Синвардың кіші інісі. Мұхаммад ағасы қаза тапқаннан кейін 2025 жылдың қаңтарында ХАМАС-тың жаңа жетекшісі болып жарияланды.

Бұрынғы басшы 2024 жылдың қазан айында Газа секторының оңтүстігінде Израиль армиясымен болған атыста қаза тапқан болатын.

Комментарии
Другие материалы