Италия премьер-министрі Қазақстанға келмек

1272
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/img_8319-960x500.png?token=eda4d68a06aa399e0a2936d83e6c1328

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін, 21 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.

27 сәуір күні Астанада «Орталық Азия – Италия» форматындағы тұңғыш саммит өтеді»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, 2023 жылдың мамырында Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Астанаға жұмыс сапарымен келуі керек еді. Алайда ол Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтқан болатын.

Комментарии
Другие материалы