Қазақстандық боксшы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

2739
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/b0eda5ef-064c-44a3-9821-73f9be240b1b-960x500.jpeg?token=496d12241be28891ac7ac7a4275ae9d5
Қазақстан ұлттық құрамасының үздік боксшыларының бірі Сәкен Бибосынов Ресейдің Хабаровск қаласында өткен Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл — Қазақстан құрамасының аталмыш турнирдегі алғашқы “алтын” медалі. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бибосынов ақтық сында ресейлік Денис Пальшинмен қолғап түйістіріп, үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте қазылар алқасының бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол жарыс чемпионы атанып, қарсыласы күміс жүлдемен шектелді. Жартылай финалда Сәкен Өзбекстан боксшысы Фарёзбек Дусматовты 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты. Айта кетейік, Фарёзбек — екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың туған інісі.
Комментарии
Другие материалы