Мешіт аумағынан өрт шықты. 11 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті

2476
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/f4178ecc-6b00-41f6-b9f6-d453e2795e9b-960x500.jpeg?token=37349c62eec5b9be367285846b6d26c4

Жаңаөзен қаласында мешіт аумағында өрт болып, кәмелетке толмаған баланың денесін күйік шалды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға 6 наурыз кешке болған. Төтенше жағдайлар мамандарының айтуынша мешіттің кілемі өртенген.

"Шаңырақ ықшам ауданында кешке қалалық мешітте өрт болды. 40 шаршы метр аумақ жанған. Өрттің неден шыққаны тексеріліп жатыр", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Ал өрттен зардап шеккен 11 жастағы жасөспірімнің жағдай ауыр дейді дәрігерлер.

"Бала термиялық күйік алған, бет-аузы, мойны, жоғарғы тыныс алу жолдары, жалпы денесінің біраз бөлігі күйіп қалған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр. Қажетті ем-шаралар жасалып жатыр", - дейді Жаңаөзен қалалық ауруханасының мамандары.

Комментарии
Другие материалы