Ақтаудағы ұшақ апаты. Көлік министрі жақында алдын ала есеп жарияланатынын айтты

1997
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/036a993a-03a9-476b-b533-e6e3001dbab6-960x500.jpeg?token=1137d1304f2fbc6a43928d3ef4f4a479

Жақын арада Ақтау маңында Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының апатқа ұшырауына қатысты алдын ала есеп жарияланады. Бұл туралы Қазақстанның Көлік министрі Марат Карабаев үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, әртүрлі елдердің мамандарының бірлескен жұмысы соңғы сатысына жеткен.

«Мамандар өте тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін айтқанымыздай, Әзербайжан Республикасынан, Ресей Федерациясынан, ұшақ өндіруші ел Бразилиядан және ИКАО-дан (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) халықаралық мамандар тартылды... Біз алдын ала есептің жақын арада ресми түрде біздің сайтта жарияланатынын күтіп отырмыз. Мамандарға өз жұмысын аяқтау үшін уақыт қажет. Бұл өте күрделі жұмыс», – деді ол.

Айта кетейік, 24 қаңтарда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев әуе апатының нәтижелері "келесі аптада жариялануы тиіс" деп мәлімдеген болатын.
Комментарии
Другие материалы