СҚО-да 3 аудан әкімі жауапқа тартылды

2094
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/ace71555-8e70-4310-9df6-5384177625ec-960x500.jpeg?token=40e84d53d967b4e15be99bada96220c5
Солтүстік Қазақстан облысында 3 аудан әкімі жауапқа тартылды. Бұл туралы өңір прокуроры Қайрат Әбдіханов коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық заңнаманы сақтау мәселесі бойынша алқа отырысында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Прокурордың айтуынша, жүргізілген талдау нәтижесінде қалдықтармен жұмыс істеу кезінде заңнама талаптарының өрескел бұзылғаны анықталған. Прокурорлардың араласуынан кейін 11 ауданда тұрғындар үшін қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер белгіленді. «Облыстың тағы 6 ауданында негізсіз көтерілген тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылданып жатыр. Экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әртүрлі 95 адам жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 аудан әкімі бар», делінген хабарламада. Отырыс қорытындысы бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданып, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Комментарии
Другие материалы