Алғашқы тұтас сайлау. Әлиев алда келеді

3080
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/2007d0a4-96dc-497f-930b-0af7a63b7e35-960x500.jpeg?token=12e7b62b297e4329925363db57257686

Әзірбайжандағы кезектен тыс президент сайлауында бюллетеньдердің 93,35 пайызы өңделіп, 92,05 пайыз дауыспен Ильхам Әлиев көш бастады. Бұл туралы Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Мазахир Панахов брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сондай-ақ, Захид Орудж – 2,19%, Рази Нуруллаев – 0,8%, Фазил Мұстафа – 2%, Елшад Мұсаев – 0,67%, Гудрат Хасангулиев – 1,76%, Фуад Әлиев – 0,53% дауыс жинады.

Айта кетейік, америкалық «Oracle Advisory Group» ұйымы Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау лигасымен бірлесіп жүргізген экзит-полл қорытындысы бойынша Ильхам Әлиевке сайлаушылардың 93,9 пайызы дауыс берген.

«Әлеуметтік зерттеулер орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметінше, Ильхам Әлиевке сайлаушылардың 92,4 пайызы дауыс берген.

«Рей» мониторинг орталығының экзит-полл қорытындысына сәйкес, Ильхам Әлиевке сайлаушылардың 92,6 пайызы дауыс берген.

Сайлаушылар тізімінде 6 миллион 478 мың 623 адам бар. Республика бойынша 6537 сайлау учаскесі құрылды.

Шетелдегі Әзірбайжан азаматтары үшін 37 елдің елшіліктері мен консулдықтарында 49 сайлау учаскесі құрылды.

Сайлауды байқауға 90 мыңнан астам байқаушы тіркелген.

Тәуелсіз Әзірбайжан тарихында алғаш рет сайлау елдің бүкіл аумағын, оның ішінде оккупациядан азат етілген жерлерді қамтыды. Басқыншылардан азат етілген аумақтарда 26 сайлау учаскесі құрылды.

Комментарии
Другие материалы