Өзбекстан мен Ресей әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

190
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gfqKhxjr5k8eQhz0SADORnz81VbyZANNE4sEd96x.png

Фото: ТАСС

Өзбекстан мен Ресей 2027 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарын бекітті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеп.

Құжат Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов пен Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің басшысы Ботир Кудратходжаевтың келіссөздері нәтижесінде қабылданды.

Кездесу Ресей қорғаныс ведомствосы басшысының Өзбекстанға жұмыс сапары аясында өтті. Тараптар қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылды дамыту және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Андрей Белоусовтың айтуынша, екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық кеңейіп келеді. Ол бұл әріптестіктің Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар Ресей мен Өзбекстан 2026–2030 жылдарға арналған әскери саладағы стратегиялық әріптестік бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Құжат жыл сайын 60-тан астам іс-шара өткізуді көздейді. Олардың қатарында бірлескен әскери оқу-жаттығулар, жауынгерлік даярлық сабақтары және әскери қызметшілерді оқыту бар.

Еске салайық, 2026 жылғы қазанда екі елдің құрлық әскерлері Термез полигонында бірлескен оқу-жаттығу өткізген.

Комментарии
Другие материалы