Экология министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

118
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YpauTuXyMmysRQUKurwClr3iS7wWsfEU3mKqkS2C.jpg

Ғанижан Асанұлы ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Тиісті бұйрыққа ведомство басшысы қол қойған, деп хабарлайды "Адырна". 

Ғанижан Асанұлы 1986 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қаржы полициясы академиясын, Ұлыбританиядағы King’s College London университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2008 жылы қаржы полициясы органдарында бастаған. 2012–2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарған.

2014–2017 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Кейін Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес басшысының орынбасары – хатшылық меңгерушісі болған.

2019–2021 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, сондай-ақ агенттік директорының орынбасары және Парасаттылық департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2021–2022 жылдары агенттіктің Превенция қызметі басшысының орынбасары болған.

2022 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған. Алдымен Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің, кейін Мемлекеттік қызмет бөлімінің сектор меңгерушісі болған.

Айта кетейік, бұған дейін Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған еді.

Комментарии
Другие материалы