Қазақстанда елші болған Қашқави Иранда АҚШ-қа "тосын сый" әзірленгенін айтты

261
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Zt6fy9G4EQHWGYd0h3cWApf9rHUn8NqQQrW0W7s6.jpg

АҚШ-пен арадағы шиеленіс күшейген тұста Иран кез келген жаңа шабуылға қысқа мерзімді немесе шектеулі жауап бермейді. Бұл туралы ел парламентінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Хасан Қашқави айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.

Оның бұл мәлімдемесін елдің мемлекеттік телеарнасы жариялаған.

«Жау соғысты бастайды, бірақ оны аяқтайтын Иран болады», – деді Қашқави.

Айтуынша, Иран қорғаныс және шабуыл жасау әлеуетін дамытуда айтарлықтай жетістікке жеткен. Сондай-ақ қарсыласты тежеудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізген.

Қашқави тіпті қысқа мерзімді шабуылдың өзі бірнеше күнмен шектелмейтін жауап шараларына әкелетінін ескертті.

«Егер қарсылас Иранға қарсы қандай да бір әрекетке барса, оны талай тосын сый күтіп тұр», – деді парламент өкілі.

Сонымен қатар ол Иран өзін әлі де соғыс жағдайында деп санайтынын атап өтті. Ал Тегеранның қарсыластарына өз аумағын пайдалануға мүмкіндік беретін елдер өтемақы төлеуге мәжбүр болатынын айтты.

Еске салайық, АҚШ барлау қызметінің болжамынша, Иранның арсеналында 1500-ден 2500-ге дейін баллистикалық зымыран болуы мүмкін. Тегеран соғыс қайта басталған жағдайда оларды Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарға соққы беру үшін пайдалануы ықтимал. Бұл туралы бұған дейін The Wall Street Journal басылымы Вашингтондағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлаған.

Газет сұхбаттастарының айтуынша, бұл – шамамен алынған көрсеткіш. Себебі Иранның әскери арсеналын қалпына келтіру ауқымын бақылау қиындық туғызып отыр.

Хасан Қашқави - бірнеше елде Ираннның елшісі қызметін атқарған бұрынғы дипломат. Ол 1996-2000 жылдар аралығынды Иранның Қазақстандағы елшісі болған. 

Комментарии
Другие материалы