Ташкентте Қазақстан киносының күндері өтті

382
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ivA6BzUjRg5jJCpgMYQcDAemFRY4WpT9geJyhFhk.jpg

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы Ұлттық кино өнері сарайында Қазақстан киносының күндері ұйымдастырылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Іс-шара отандық киноны шетелде таныстыруға және екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталды.

Бағдарлама аясында көрермендерге «Қайтадан», «Ерекше», «Моя большая казахская семья», «Жабайы», «Алтын адам» және «Әміре» фильмдері ұсынылды.

Іс-шараға Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің, «Қазақфильм» киностудиясының, Kinopark Theatres, Tiger Films және Dala Edge компанияларының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның кино саласының мамандары қатысты.

Спорт пен адам жігерін арқау еткен «Ерекше» фильмінің көрсетіліміне Өзбекстанның бочча командасының мүшелері мен Ташкенттегі спорт мектебінің оқушылары келді.

Кездесу барысында екі елдің кинематографистері ұлттық киноны дамыту және бірлескен киножобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан киносының күндері мәдени алмасуды жандандыруға, шығармашылық ынтымақтастықты нығайтуға және отандық фильмдерді халықаралық деңгейде насихаттауға мүмкіндік берді.

Комментарии
Другие материалы