Діни экстремизмді насихаттаған ер адам ұсталды

75
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/R99UCvjfwzkvMM8nFnonTUpe9zV1vgtcCW5lomHB.webp

Фото: ІІМ

Алматыда діни экстремизмді насихаттап, дінаралық араздықты қоздырды деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу дерегінше, күдікті 2024 жылдан бері Қазақстаннан тыс жерде жүріп, радикалды идеяларды таратуды жалғастырған. Ол жабық Telegram топтарын әкімшілендіріп, онлайн дәрістер өткізген және өз жақтастарына идеологиялық ықпал еткен.

Бұған дейін оның бірқатар аудиодәрісі сот шешімімен терроризмді насихаттау және діни араздықты қоздыру белгілері бар экстремистік материалдар деп танылған.

ІІМ мәліметінше, күдікті шетелдегі теологиялық оқу орындарында діни білім алған. Сондай-ақ 2024–2025 жылдары өзінің жақтастары арасындағы беделін пайдаланып, олардан 60 миллион теңгеден астам қаражат алған.

11 қарашада жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ер адам Алматыда ұсталды. Сонымен қатар Алматы қаласы мен Жамбыл облысында тергеу әрекеттері жүргізілді. Тінту барысында діни әдебиеттер мен экстремистік идеология белгілері бар қолжазбалар тәркіленген.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтап, ықтимал сыбайластарын іздестіріп жатыр.

Комментарии
Другие материалы