Ақтөбеде тұрғын үй астындағы дәмхана жарылып, екі адам зардап шекті

166
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5Q8xCrALiNiIHjaLe1RICroVsB1tHdTVJ1ai4Vlp.jpg

Фото: бейнежазбадан алынды

Ақтөбе қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласқан. Жарылыс салдарынан ғимаратқа жапсарлас салынған құрылыс бөлігі опырылып түсті. Оқиға кезінде екі адам жарақат алды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады, деп жазады "Адырна".

Төтенше жағдай 13 қараша күні сағат 10:28-де Тәуелсіздік даңғылы, 14/1 мекенжайында тіркелген.

Жарылыстан кейін дәмхананың қосымша құрылысы құлап, өрт шыққан. Сонымен қатар бес қабатты тұрғын үйдің терезелері мен терезе конструкцияларына зақым келген.

Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылардың күшімен жалын сағат 10:53-те толықтай ауыздықталды.

Жарылыс салдарынан зардап шеккен екі адам жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жұмыс жүргізіп жатыр. Өртті сөндіру және оның салдарын жою шараларына 45 құтқарушы мен 10 арнайы техника жұмылдырылған.

Қазір мамандар газ-ауа қоспасының жарылуына не себеп болғанын және оқиғаның өзге де мән-жайларын анықтап жатыр.

Комментарии
Другие материалы