«Қызыл-Жар» футбол клубының экс-президентіне мемлекетаралық іздеу жарияланды

133
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Btjbmol05lE2KHTV6ObGLzSeSdvt8HvK4Ece65Zt.jpg

Қазақстандық «Қызыл - Жар» футбол клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға мемлекетаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы 11 қарашада ҚМА жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.

Ведомствоның мәліметінше, Григорий Лория футбол клубын басқарған кезеңде бюджет қаражатын заңсыз иемдену схемасын ұйымдастырған. Атап айтқанда, күдікті бас бухгалтермен және өзге де тұлғалармен алдын ала сөз байласып, жалған қаржылық құжаттарды пайдаланған. Сондай-ақ қаражаттың жеке шоттарға негізсіз аударылуын ұйымдастырып, бухгалтерлік және салық есептілігіне жалған мәліметтер енгізуді қамтамасыз еткен.

Тергеу дерегіне сәйкес, салық декларацияларында қызметкерлердің табысы, еңбекақы төлеу қоры мен ұйымның жылдық жиынтық табысы төмендетіліп көрсетілген.

Айта кетейік, 2023 жылы «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубының қызметін қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінген.

Комментарии
Другие материалы