Қазнетте ер адамның қызын туған күнінде ернінен сүйіп құттықтағаны түсірілген видео үлкен резонанс тудырып, қызу талқыға түсті. Аталған бейнежазбаға Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Аталған ақпарат тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру жұмыстарына білім басқармасының және жергілікті атқарушы органның қызметкерлері тартылды», – делінген хабарламада.
Қазан айында Астанада құрбысына ұлының ернінен сүйуге рұқсат берген әйел де жауапқа тартылған болатын. Бұл видео да әлеуметтік желілерде жарияланған. Кейін бейнежазбаны баланың анасы түсіргені анықталды. Ол баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
