Трамп БҰҰ мінберінен Халықаралық қылмыстық сотқа мүше елдерді ұйымнан шығуға шақырды

200
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

АҚШ президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Халықаралық қылмыстық сотты (ХҚС) «бақылаудан шыққан институт» деп атады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сондай-ақ, оған мүше мемлекеттерді ұйымнан дереу шығуға үндеді.

22 қыркүйекте Нью-Йоркте сөйлеген сөзінде Трамп АҚШ әскери қызметшілерінің «антиамерикалық сот алдында» жауапқа тартылуына жол бермейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Халықаралық қылмыстық сот өз өкілеттігінен асыра пайдаланған.

«Мен ХҚС-қа мүше барлық елді бақылаудан шыққан бұл институттағы мүшелігін дереу ресми түрде тоқтатуға шақырамын», – деді АҚШ президенті.

Вашингтон бұған дейін де Халықаралық қылмыстық сот өкілдеріне санкциялар енгізген. 18 тамызда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сот төрағасы Томоко Аканэ мен аға прокурор Абдулай Сейеге қатысты шектеу шараларын жариялады.

Рубио олардың ХҚС-тың сот юрисдикциясын мойындамайтын мемлекеттердің лауазымды тұлғаларын тергеу және қудалау әрекеттеріне қатысы бар екенін мәлімдеді.

АҚШ ХҚС құрған халықаралық келісімге қатысушы емес. Вашингтон сотты америкалық әскери қызметшілер мен барлау қызметкерлеріне қатысты тергеуді жалғастырып, АҚШ егемендігіне қауіп төндіріп отыр деп айыптайды.

БҰҰ мінберінде Украинадағы соғыс туралы да сөз қозғаған Дональд Трамп қақтығыстың көпшілік күткеннен ертерек аяқталуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, АҚШ Ресей және Украина басшылығымен осы мәселе бойынша тығыз жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар Трамп Вашингтонның Мәскеуге қысымды күшейтуге дайын екенін аңғартты.

Комментарии
Другие материалы